Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі

Францияның Сен-Мор қаласында ерлер арасында семсер қаруымен айқасудан Әлем кубогының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан командасы бұл жарыста медаль жеңіп ала алмады. Жекелей жарыстарда ең жақсы нәтижені Руслан Курбанов көрсетті. Ол жарыс қорытындысы бойынша 17-орынды иеленді.

Кирилл Павлов - 32-ші, Эльмир Әлімжанов - 51-ші, Кирилл Проходов - 81-ші, Никита Жулинский - 119-шы, Вадим Шарлаимов - 175-ші, Ерлік Сертай - 98-ші, Богдан Лукин - 209-шы, Александр Федотов - 218-ші орындарға тұрақтады.

Командалық жарыста Қазақстан құрамасы 13-орынды еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или