Қазақстанда алғашқы UFC турнирі қашан өтеді

Қазақстанда алғашқы UFC турнирі қашан өтеді

Alash Pride промоутері Идрис Исрапилов Қазақстанда 2025 жылдың соңына дейін UFC турнирі өтуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әбу-Даби немесе Бакуде өтетін алдағы турнирлердің бірінде Дана Уайтпен кездесу жоспарланып отыр. Барлық мәліметтерді талқылаймыз және UFC турнирін Қазақстанда алғаш рет биыл немесе келесі жылдың басында өткізу үшін бар күшімізді саламыз», — деді Исрапилов Alash Pride FC 108 турнирі алдындағы баспасөз мәслихатында.

Alash Pride FC 108 турнирі 27 мамырда Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Оған UFC-дің бұрынғы чемпиондары Генри Сехудо мен Ренан Барао, сондай-ақ солтүстік америкалық промоушеннің экс-файтері Алан Патрик қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или