Олимпиада күніне орай Астанада шайбалы хоккейден балалар арасында турнир өтті

Астанада Халықаралық Олимпиада күнін атап өту аясында шайбалы хоккейден балалар турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті, Қазақстан хоккей федерациясы, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен №10 БЖСМ бірлесіп өткізді.
Турнирге 2017–2018 жылы туған жас хоккейшілерден құралған төрт команда қатысты.
Ойын күні спорттық бірлік пен әділ бәсеке атмосферасында өтті. Барлық жас қатысушылар белсенділігі, жеңіске деген жігері мен командалық рухы үшін марапатталды.
Айта кетейік, Халықаралық Олимпиада күні жыл сайын 23 маусымда атап өтіледі. Бұл күн 1894 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің құрылғанына орай белгіленген және ол олимпиадалық құндылықтарды, спорт пен салауатты өмір салтын барлық ұрпақ арасында дәріптеуге арналған.