Thailand Open-2025: Кешкі сессияда екі боскшымыз жеңіске жетті
Бангкок қаласында өтіп жатқан халықаралық Thailand Open-2025 турнирінде қазақстандық боксшылар кезекті жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күндізгі сессия аясында ширек финалда үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығып, екеуә келесі кезеңге жолдама алған болатын.
Кешкі сессияда жастар арасындағы Азияның төрт дүркін чемпионы Төрехан Сабырхан ерекше көзге түсті. Ол Филиппиндік Рональд Чавес-жуниорды 5:0 есебімен тас-талқан етіп жеңіп, 70 келі салмақта жартылай финалға жолдама алды. Екінші раундта қарсыласын бірнеше рет есеңгіретіп те алды.
Ауыр салмақта Даниял Сапарбай үндістандық Аншул Гиллге төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.
Кешті Азия чемпионы – Виктория Графееваның жеңісі қорытындылады. Ол Сингапурлық Занн Чиді 5:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып шықты.