Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін сенімді бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ші ракеткасы Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші (11) Roland Garros 1/64 финалында аргентиналық Хулия Риерадан (202) 2:1 (6:1, 4:6, 6:4) есебімен басым түсті. Тартысты кездесу 1 сағат 47 минутқа жалғасты. Бұл олардың тарихтағы алғашқы кездесуі болды.
Енді оның 1/32 финалдағы қарсыласы америкалық Ива Йович (129) болады.
Айта кетейік, Елена аталған турнирде 2021 және 2024 жылдары ширек финалға дейін жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или