Thailand Open-2025: Күндізгі сессияда сынға түскен үш қазақстандықтың біреуі жеңіске жетті

Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары өнер көрсетуде, деп хабарлайды Prosports.kz
Күндізгі сессия аясында ширек финалда үш қазақстандық боксшы шаршы алаңға шықты. Олардың ішінде тек Данияр Рахымбердиев (90 кг) жеңіске жетті. Oл украиналық Евгений Павловскийді төрешілер шешімімен ұтты.
Ал қалған екі жекпе-жекте Оразбек Асылқұлов (60 кг) тайландтық Тханпхансакон Каласираға төрешілердің шешімімен жол берді, Назерке Серік (65 кг) тайландтық Таная Сомнуекке 0:5 есебімен жеңілді.
Айта кетейік, кешкі сессия елорда уақыты бойынша 15:00-де басталады. Онда Қазақстаннан тағы үш боксшы сынға түседі. Thailand Open-2025 турнирі 24 мамырда басталып, 1 маусымда аяқталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или