Теннис. WTA рейтингі: Рыбакина мен Путинцева жоғары көтерілді
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) «Ролан Гаррос» алдында теннисшілердің жаңартылған рейтингін ұсынды, деп жазады Prosports.kz.
Бірінші орында Арина Соболенко, екінші орында Кори Гауфф, үшінші орында тағы бір америкалық теннисші Джессика Пегула.
Сенбі күні Страсбургте өткен WTA 500 турнирінде жеңіске жеткен Қазақстан өкілдерінің ең мықтысы Елена Рыбакина бір сатыға көтеріліп, 11-орынға тұрақтады. Юлия Путинцева да бір сатыға көтеріліп, 31-орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или