Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үш алтын медаль жеңіп алды

Ташкентте өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы үш алтын медаль түсті.
Құрлықтық біріншілікке ересектер арасында алғаш рет қатысып отырған Дайяна Даренская 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда жапониялық Кама Цубасаны жеңді.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіханов (-75 кг) осыдан кейін татамиге шығып, ирандық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді.
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) тағы бір жапониялық спортшы — Сумирэ Сугитуды ұтты.
Бұған дейін Жоламан Биғабыл да алтын жүлде жеңіп алған болатын.
Дереккөз: Sport+
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или