Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық каратэшілер камбэк жасады

Ташкентте өтіп жатқан каратэден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы кумите бағдарламасы бойынша ерлер арасындағы командалық жарыста қола жүлдегер атанды.
Қола жүлде үшін таласта Сауд Арабиясымен өткен кездесуде қазақ жігіттері 1:2 есебімен ұтылып жатып, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Бұған дейін қазақстандық каратэшілер Индонезия құрамасын 4:1 есебімен ұтқан болатын.
Ширек финалда вьетнамдық спортшыларды айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или