Нұралы Әліптің командасы «Ахматты» жеңді

Ресей премьер-лигасының 30-туры аясындағы ойында Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы «Ахматты» қабылдап, 3:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – «Ахмат» (Грозный, Ресей) – 3:0
Гол соққандар: Андрей Мостовой 25 (пенальти), 45+6 (пенальти), Педро 56
«Зениттің» қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп қосалқы құрамда қалды. Максим Самородов негізгі құрамда алаңға шығып, үзілістен кейін ауыстырылды.
РПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Краснодар» чемпион атанды, «Зенит» екінші орын алды. Грозныйлықтар лигада қалу құқығы үшін плей-офф матчтарында ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или