Қазақстандық боксшы халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Thailand Open-2025 халықаралық турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Графеева Оңтүстік Корея боксшысы Ох Юнджимен рингке шықты. 60 келі салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жекте үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Графееваны «Қазақстан құрамасындағы ең перспективалы боксшы» деп атаған болатын. Виктория қазіргі Азия чемпионы және 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или