Елена Рыбакина маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды

Елена Рыбакина маусымдағы алғашқы титулын жеңіп алды

Бүгін Францияның Страсбург қаласында WTA 500 сериясы бойынша турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік теннисші Людмила Самсонованы үш сетте 6:1 6:7(2) 6:1 есебімен жеңіп, құрметті кубокты жеңіп алды.

Елена үшін бұл оның мансабындағы тоғызыншы титул (WTA500 санатындағы төртінші) және 2024 жылдың сәуірінен бергі бірінші титул.

Бұл жеңісі үшін қазақстандық теннисші 142 610 еуро сыйақы мен 500 рейтингтік ұпайға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или