Атыраудағы «Мұнайшы» 2025 жылы күрделі жөндеуден өтеді

Атыраудағы «Мұнайшы» 2025 жылы күрделі жөндеуден өтеді


Жанкүйерлер жиі сынайтын, елдегі ең ескі әрі жайсыз спорт нысандарының бірі саналатын Атыраудағы «Мұнайшы» орталық стадионы толық жаңартылмақ. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Жоба аясында стадионның инфрақұрылымы қазіргі талаптарға сай жаңартылып, спортшылар мен көрермендерге қолайлы жағдай жасалмақ.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Гаухар Ильясованың айтуынша, нысан қазіргі таңда «Облыстық бокс клубының» теңгерімінде. Қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама «КазахЭнергоПром» ЖШС тарапынан әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған.

Айта кетейік, «Мұнайшы» стадионы 1950 жылы салынған. Соңғы күрделі жөндеу 2003 жылы жүргізілсе, 2023 жылы ағымдағы жөндеу жасалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или