Хоккейден Қазақстан құрамасының әлім чемпионатында не үшін сәтсіз өнер көрсеткені белгілі болды

Хоккейден Қазақстан құрамасының әлім чемпионатында не үшін сәтсіз өнер көрсеткені белгілі болды


Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері Леонид Тамбиев әлем чемпионатындағы сәтсіздіктің себебін түсіндірді. Ол «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында команданың элита дивизионынан айырылуына бірнеше фактор әсер еткенін айтты.

«Басты себеп – физикалық дайындықтың нашарлығы. Команда бірінші периодтан кейін-ақ шаршап қалды. Екіншіден, негізгі қақпашыларымыз — Шұтов пен Бояркин жарақат алды. Павленко қолдан келгенін жасады, бірақ ол әзірге ВХЛ деңгейіндегі қақпашы», – деді Тамбиев.

Оның айтуынша, құрамдағы ойыншылардың техникалық шеберлігі де төмен болған. Сонымен қатар психологиялық дайындық жетіспеді. «Барыстан» келген тоғыз хоккейші КХЛ маусымында көп жеңіліс көріп, сенімдерін жоғалтқан.

«Швейцариямен болған ойында бізді Павленко ғана ойынға ұстап тұрды. Жалпы алғанда, осы турнирде жігіттердің көпшілігі өз мүмкіндігін толық көрсете алған жоқ. Мұндай жарыста жеңу үшін шеберлік аз болса да, жанкештілік пен физикалық дайындықтың мықты болуы қажет. Ал бізде бұл жетіспеді», – деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или