АПЛ-дың үздік ойыншысы анықталды

«Ливерпульдің» шабуылшысы Мохамед Салах 2024/2025 жылғы Англия Премьер-лигасының үздік ойыншысы атанды. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметі X (бұрынғы Twitter) желісінде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
32 жастағы мысырлық футболшы маусым бойы 37 матчқа қатысып, 28 гол мен 18 нәтижелі пас тіркеген. Ол «Ливерпульмен» бірге АПЛ чемпионы атанды.
Салах Англиядағы мансабын 2017 жылы «Ливерпульде» бастаған. Содан бері 400 кездесуге қатысып, 244 гол соғып, 113 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды. Transfermarkt дерегінше, оның нарықтық құны – 55 миллион еуро.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или