Бақтиер Зайнутдинов Ресей клубына ауысуы мүмкін

«Бешікташ» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы ықтимал. Бұл туралы түрік журналисі Сердар Сарыдаг мәлім етті.
Журналисттің ақпаратына сүйенсек, Ресей чемпионатындағы бір клуб Бақтиерге 5 миллион еуро ұсынып отыр. Бұл сома «Бешікташтың» 2023 жылы ЦСКА-ға төлеген 4,5 миллион еуросынан жарты миллионға көп. Алайда түрік клубының бұл ұсынысқа қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз.
Бақтиер биылғы маусымда «Бешікташ» сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2027 жылдың жазығына дейін жарамды. Transfermarkt порталы Зайнутдиновтың қазіргі нарықтық бағасын 3,3 миллион еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или