Қайрат Сәтжанов: Шымбергеновтің құрамаға оралуы ел чемпионатына байланысты

Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Sports.kz сайтына берген сұхбатында Асланбек Шымбергеновтің ұлттық командаға қайта қосылу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
«Қарашада Қазақстан чемпионаты өтеді. Егер Асланбек сол жарысқа қатысып, чемпион немесе жүлдегер атанса, онда құрамаға енуге мүмкіндігі болады. Қазір ол құраманың сапында жоқ», – деді Сәтжанов.
Асланбек Шымбергенов 2024 жылдың соңынан бері ұлттық құрама шараларына қатысқан жоқ. Бұл жағдай оның жарақатына байланысты болғаны хабарланған.
Айта кетейік, Шымбергенов – 2023 жылғы әлем чемпионы (Ташкент), 2022 жылғы Азия чемпионы (Амман) және Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017). Ол 71 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или