Белал Мухаммад Усманмен жекпе-жекке дайын
UFC-дің бұрынғы чемпионы Белал Мухаммад октагонға 2025 жылдың күзіне қарай оралуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желіде ол келесі қарсыласы Камару Усман болуы мүмкін екенін айтты.
«Маған тек бір жекпе-жек жетпей тұр. Егер Усман Хоакин Баклиді жеңсе, дәл сол болады. Қазан айы – ең ыңғайлы уақыт. Бірақ мен Абу-Дабиде жекпе-жек өткізгім келмейді», – деп жазды Белал.
Еске салайық, Мухаммад соңғы рет мамыр айында UFC 315 турнирінде өнер көрсетіп, белбеу иесі Джек Делла Маддаленаға жол берген. Бастапқыда оның қарсыласы Шавкат Рахмонов болуы тиіс еді, бірақ қазақстандық спортшы жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или