«Сарыарқа» сапына екі хоккейші қосылады

Қорғаушы Иван Степаненко мен шабуылшы Сергей Барбашев «Сарыарқа» сапына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.
Өткен маусымда 29 жастағы Иван Степаненко Қазақстан тұрақты чемпионатында «Хумо» сапында 21 матч өткізіп, екі шайба соқты. Плей-офф кезеңіндегі 12 кездесуде екі нәтижелі паспен көзге түсті.
32 жастағы Сергей Барбашев ЖХЛ-дың тұрақты маусымында «Динамо-Алтай» командасы құрамында 54 матчқа қатысып, 21 (8+13) ұпай жинады.
Еске салайық, Сергей Барбашев 2021-2022 жылғы маусымда қарағандылық клуб сапында өнер көрсеткен болатын. Тұрақты маусымдағы екі кездесуде ұпай жинамағанымен, плей-офф кезеңіндегі 15 ойында 21 (7+14) ұпаймен ерекшеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или