Флориан Вирц АПЛ клубына ауысуы мүмкін

Флориан Вирц АПЛ клубына ауысуы мүмкін

Англиялық «Ливерпуль» клубы ресми түрде германиялық «Байерге» Флориан Вирц бойынша ресми сұраныс жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фабрицио Романо мәліметінше, клубтар 22 жастағы жартылай қорғаушының трансферлік құны бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Ливерпуль» бұл келісімді барынша тезірек аяқтағысы келеді.

Бүгін трансфер сомасы шамамен 150 миллион еуроға бағаланатыны туралы ақпарат пайда болды.

Сонымен қатар, Вирц оған қызығушылық танытқан «Бавария» басшылығын карьерасын «Ливерпульде» жалғастырғысы келетіні туралы хабардар еткені айтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или