«Астана» шабандозы «Джиро д’Италияның» он үшінші кезеңінде 12-орын алды

«Астана» шабандозы «Джиро д’Италияның» он үшінші кезеңінде 12-орын алды

Бүгін «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысының 13-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

180 шақырымға созылған кезеңнің жеңімпазы Lidl-Trek командасының даниялық велошабандозы Мадс Педерсен атанды. Екінші орынды Visma | Lease a Bike командасынан бельгиялық Ваут Ван Арт иеленді. Үздік үштікті UAE Team Emirates-XRG командасынан мексикалық Исаак Дель Торо түйіндеді.

«Астана» сапында үздік нәтижені Никола Кончиға көрсетті. Ол мәреге 12-болып жетті. Диего Улисси 22-орын, Кристиан Скарони 57-орын, Фаусто Маснада 65-орын, Ваут Пулс 69-орын, Лоренцо Фортунато 121-орын, Антон Кузьмин 123-орын, Макс Кантер 140-орын алды.

«Джиро д’Италия». 13-кезең. Ровиго — Виченца. 180 шақырым.

1. Мадс Педерсен (Дания, Lidl-Trek) — 3:50:24
2. Ваут Ван Арт (Бельгия, Visma | Lease a Bike)
3. Исаак Дель Торо (Мексика, UAE Team Emirates-XRG) — +0:02

12. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +0:05
22. Диего Улисси (Италия, «Астана») — +0:11
57. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — +1:09
65. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +1:24
69. Ваут Пулс (Нидерланд, «Астана») — +1:49
121. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +16:08
123. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана»)
140. Макс Кантер (Германия, «Астана»)

Жалпы есеп:

1. Исаак Дель Торо (Мексика, UAE Team Emirates-XRG) — 46:32:59
2. Хуан Аюсо (Испания, UAE Team Emirates-XRG) — +0:38
3. Антонио Тибери (Италия, Bahrain-Victorious) — +1:18

20. Диего Улисси (Италия, «Астана») — +5:34
31. Никола Кончи (Италия, «Астана») — +26:04
32. Лоренцо Фортунато (Италия, «Астана») — +27:21
37. Ваут Пулс (Нидерланд, «Астана») — +31:33
61. Фаусто Маснада (Италия, «Астана») — +51:45
77. Кристиан Скарони (Италия, «Астана») — 1:11:36
129. Макс Кантер (Германия, «Астана») — +2:08:34
160. Антон Кузьмин (Қазақстан, «Астана») — +2:33:11.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или