OCTAGON 73: Сүндет Айтқұл бразилиялық қарсыласына мүмкіндік қалдырмады

OCTAGON 73: Сүндет Айтқұл бразилиялық қарсыласына мүмкіндік қалдырмады

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 73 турнирінде кештің басты жекпе-жектерінің бірі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақтағы экс-чемпион, Қазақстан өкілі Сүндет Айтқұл (10-2) бразилиялық файтер Жоао Салданьямен (14-5) кездесті.

Айтқұлдың қатысуымен өткен бұл жекпе-жек ұзаққа созылмады – қарсыластар партерге ауысып, Сүндет кездесуді мерзімінен бұрын аяқтауға жақсы мүмкіндік алған еді, алайда Салданья қиын жағдайдан сытылып шыға алды. Соған қарамастан, қазақстандық файтер басымдықты сақтап, ақыры жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтап, кәсіпқой карьерасындағы 11-жеңісіне қол жеткізді.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің титулдық демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или