Танымал тәжікстандық файтер OCTAGON 73 турнирінде жеңіске жетті

Танымал тәжікстандық файтер OCTAGON 73 турнирінде жеңіске жетті

Алматыда өтіп жатқан OCTAGON 73 турнирі аясында ТМД елдерінде танымал тәжікстандық спортшы Жонибек «Джонни Авиалинии» Жаббаровтың (3-1) жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы қазақстандық файтер Нұрсұлтан Мендебаев (2-0) болды. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жаббаровтың пайдасына аяқталды. Сондай-ақ ол жекпе-жек барысында қабырғасын сындырғанын мойындады.

Турнирдің мейн-ивентінде орта салмақтағы титулдық қақтығыс өтеді, онда қазіргі чемпион Бауыржан Қуанышбаев (18-6) Рүстем Мухатовқа (13-3) қарсы жекпе-жекте белбеуді қорғайды.

Сондай-ақ, турнирде қазақтың "ұсақтаушы" және жеңіл салмақтағы лиганың экс-чемпионы Сүндет Айтқұл (10-2) өнер көрсетеді, оған бразилиялық Жоао Салданья (14-5) қарсы болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

Турнирдің титулдық демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы

Турнирдің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или