Елена Рыбакина ерекше камбэк жасап, Страсбург турнирінің финалына шықты

Бүгін Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде жартылай финалдық кездесулер өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина, турнирдің төртінші ракеткасы ретінде, үш сетке созылған тартысты матчта жарыстың тоғызыншы нөмірлі қатысушысы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяны 7:6 (9:7), 1:6, 6:2 есебімен жеңді.
Айта кетерлігі, шешуші үшінші сетте Елена 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или