Бокстан Азия чемпионаты: 10 боксшы чемпион атанды

Бокстан Шри-Ланка астанасы Коломбода Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
22 жасқа дейінгі бәсекеде соңғы болып ерлер құрамасы жұдырықтасты.
Финалға шыққан 12 қазақстандық боксшының 10-ы чемпион болды:
- Тілеуберді Сүлеймен (48 келі)
- Диас Берікбай (51 келі)
- Жасурбек Анорбаев (57 келі)
- Нұрислам Қалдыбаев (60 келі)
- Бақтияр Анарбаев (67 келі)
- Ағажан Қадыр (71 келі)
- Аман Қонысбеков (75 келі)
- Бақберген Әлиасқаров (80 келі)
- Ибрагим Бетаев (86 келі)
- Азатбек Жолдасхан (92 келі)
Ал Сералы Жолмағанбет (66 келі) пен Ерсұлтан Сапар (+92 келі) күміс медаль еншіледі.
Осылайша, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын құрама Азия чемпионатын 10 алтын, 2 күміс медальмен аяқтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или