Қазақстандық боксшылар WBC Гран-приінде жеңілмеген қарсыластармен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшылар WBC Гран-приінде жеңілмеген қарсыластармен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшылар Жолдас Жеңісов (9-0, 4 КО) пен Санатали Төлтаев (3-0, 2 КО) WBC және Турки Аль аш-Шейх ұйымдастырып жатқан Гран-при турниріндегі өнерін жалғастырады.

Екінші айналымдағы жекпе-жектер 20–21 маусым күндері Сауд Арабиясында өтеді.

Жеңісов үшін бұл – жартылай жеңіл салмақтағы беделді турнирде өзін тағы бір мәрте дәлелдеудің мүмкіндігі. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген америкалық Трой Нэш (4-0, 1 КО). Бұған дейін Нэш төрешілердің бөлек шешімімен тағы бір қазақ боксшысы Александр Ковригинді жеңген. Өз кезегінде Жолдас алғашқы кезеңде испаниялық Эль Язид Эззайданиді нокаутпен жеңген болатын.

Ал бірінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Төлтаев филиппиндік қаһарлы нокаутшы Джеральд Интомен (12-0, 9 КО) кездеседі. Бұған дейін Санатали венесуэлалық Герман Брочероны (10-1, 10 КО) мерзімінен бұрын тоқтатып, келесі кезеңге жолдама алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или