Тайландта өтетін халықаралық турнирге қатысатын қазақ боксшылары анықталды

24 мамыр мен 1 маусым аралығында Тайланд астанасы Бангкокта өтетін дәстүрлі халықаралық турнирге Қазақстан құрамасы қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құрама бапкерлер аталған сынға қатысатын боксшылардың тізімін жасақтады.
Ерлер командасы:
- 50 келі. Нұрзат Оңғаров
- 55 келі. Нұрсұлтан Алтынбек
- 60 келі. Оразбек Асылқұлов
- 65 келі. Дулат Бекбауов
- 70 келі. Төрехан Сабырхан
- 75 келі. Тимур Нұрсейіт
- 80 келі. Диас Молжігітов
- 85 келі. Бекзат Таңатар
- 90 келі. Данияр Рахымбердиев
- +90 келі. Даниял Сапарбай
Әйелдер құрамасы:
- 48 келі. Гүлназ Бурибаева
- 51 келі. Жазира Орақбаева
- 54 келі. Сымбат Әлиасқар
- 57 келі. Шахназ Исаева
- 60 келі. Виктория Графеева
- 65 келі. Назерке Серік
- 70 келі. Наталья Богданова
- 75 келі. Надежда Рябец
- 80 келі. Гүлсая Ержан
- +80 келі. Елдана Талипова
Жарысқа Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Тайланд және тағы басқа елдің былғары қолғап шеберлері қатысады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или