«Атырау» сапына екі легионер қосылады

«Атырау» сапына екі легионер қосылады

«Атырау» клубы екі легионермен толығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мұнайшылар» 31 жастағы Гвинея-Бисау елінің өкілі Тони Сильва және 33 жастағы Конго елінің футболшысы Жоэль Каямбамен келісімшартқа отырады.

Бұл туралы клубтың директоры Дидар Сыдықбек өзінің телеграм арнасында хабарлады.

Каямба өткен жылы «Атыраудың» намысын қорғаған болатын. Ал «Ливерпуль» академиясында тәлім алған Сильва Қазақстанда «Тараз», «Тобыл», «Тұран» және «Ақсу» клубтарында доп тепті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или