Қазақстан құрамасы жүзуден Испаниядағы турнирде өнер көрсетуін аяқтады

Қазақстан құрамасы жүзуден Испаниядағы турнирде өнер көрсетуін аяқтады

Барселонада (Испания) жүзуден беделді халықаралық турнир аяқталды.

Жарыстың соңғы күні А финалына тек Әділбек Мусин өте алды. Ол 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бесінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, отандастарымыз В финалдарында бақ сынады.

Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 14-орынға табан тіресе, Ксения Игнатова 100 метрге арқамен жүзуден 12-ші нәтиже көрсетті.

Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен 11-ші болып мәреге жетті. Ал Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің В финалында 15-ші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или