Хоккей. Әлем чемпионатында жартылай финал жұптары анықталды

Хоккей. Әлем чемпионатында жартылай финал жұптары анықталды

Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда АҚШ, Швейцария, Швеция және Дания командалары өнер көрсетеді. Бір жұпта Швейцария мен Дания құрамалары кездессе, екіншісінде АҚШ құрамасы Швеция құрамасымен кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер сенбі, 24 мамырда өтеді.

Еске салайық, ширек финалда Дания Канада құрамасын 2:1 есебімен ұтып, сенсация жасаған болатын. Швеция қазіргі әлем чемпионы Чехияны 5:2 есебімен ұтты. Швейцария құрамасы Австрия құрамасына мүмкіндік қалдырмады – 6:0, ал АҚШ құрамасы Финляндиядан мықты болды – 5:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или