UFC тамыз айында Азияда турнир өткізеді

Ultimate Fighting Championship (UFC) өзінің сайтында Шанхайда (Қытай) турнир өткізетінін хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
UFC Fight Night турнирі 23 тамызда өтеді. Промоушен 2017 жылдан бері алғаш рет Шанхайда турнир ұйымдастырып отыр.
Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, MMA Alash Pride лигасының президенті Данияр Қасқарауов Қазақстанда промоутерлік турнирлердің бірін өткізу туралы UFC басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или