ГЛАВНАЯ
Әлем футболы
«Менің арманым — карьерамды «Барсада» аяқтау». «Барселона» вингері жаңа келісімшарт туралы
«Менің арманым — карьерамды «Барсада» аяқтау». «Барселона» вингері жаңа келісімшарт туралы

«Барселонаның» бразилиялық вингері Рафинья каталониялық командамен келісімшартын ұзартқанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол клубпен 2028 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасты. Алдыңғы келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген болатын.
«Менің арманым — карьерамды «Барсада» аяқтау», — деді Рафинья «Барселонаның» баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Рафинья «Барселона» сапында 2022 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Оны каталониялық клуб англиялық «Лидстен» 58 миллион еуроға сатып алған болатын. Осы маусымда бразилиялық футболшы клуб сапында 56 матч өткізіп, 34 гол соғып, 25 нәтижелі пас берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или