Шағын футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польшадан жеңілді

Шағын футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Польшадан жеңілді

Шағын футболдан Қазақстан әуесқойлар құрамасы Әзербайжан астанасы Баку қаласында жалауын көтерген әлем чемпионатында Польшадан жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүбірлі дода Бүкіләлемдік шағын футбол федерациясы (WMF) аясында өткізіліп жатыр.

Алғашқы ойында қазақстандық құрама Польшамен кездесті. Ойын барысында қарсыласына 1:2 есебімен есе жіберді.

Ел құрамасынан Дмитрий Двирный 21-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін польшалық Артур Кощна 39-минутта таразы басын теңестірсе, Петр Маковски 45-минутта өз құрамасына жеңіс сыйлады.

Биыл аталған турнирге барлығы 32 құрама қатысып жатыр. Онда Қазақстан құрамасы F тобында сынға түседі. Қарсыластары — АҚШ, Босния және Герцоговина, Польша.

Енді Қазақстан құрамасы 24 мамырда Босния және Герцоговина, 26 мамырда АҚШ-пен ойнайды.

Отандастарымыз 2023 жылы әлем чемпионатында Румынияға (2:2, пенальтиден 11:12) есе жіберіп қойды.

Әлем чемпионаты 1 маусымда мәресіне жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или