Ирландиялық боксшы «сирек кездесетін әрі емделмейтін» аурудан көз жұмды

Ирландиялық боксшы «сирек кездесетін әрі емделмейтін» аурудан көз жұмды

Ирландиялық кәсіпқой боксшы Джорджия О’Коннор 25 жасында онкологиялық аурудан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Daily Mail мәліметінше, 2024 жылдың қазанында О’Коннорға «сирек кездесетін әрі емделмейтін» қатерлі ісік диагнозы қойылған. Спортшы күйеуге шыққаннан кейін бар болғаны екі аптадан соң өмірден өтті.

Джорджия О’Коннор әуесқойлар арасындағы Британия Достастығының чемпионы, сондай-ақ 2017 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері болған. 2018 жылы қола медаль иеленген. 2021 жылы кәсіпқой ретіндегі дебютін жасап, үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или