Рыбакинаның жеребеде жолы болмады. Олимпиада чемпионымен кездеседі

Рыбакинаның жеребеде жолы болмады. Олимпиада чемпионымен кездеседі

Қазақстанның бірінші ракеткалары Франция ашық чемпионатындағы алғашқы матчында кімдермен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ролан Гаррос-2025 турнирінің бірінші айналымында Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаға оңай қарсылас бұйырмады – Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі. Қарсыластар арасындағы жеке кездесулерде әзірге Белинда алда (2:1). Дегенмен, олардың барлық матчы хард жабындысында өткенін атап өткен жөн.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик негізгі кезеңге бірден өтті және ол да бүгін өзінің алғашқы қарсыласын білді. Парижде оның алғашқы қарсыласы Австралия өкілі Джеймс Дакворт болады.

Ал Юлия Путинцеваның қарсыласы белгісіз. 

Үлкен Дулыға аясындағы турнирдің негізгі кезеңі 25 мамыр мен 8 маусым арасында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или