Рыбакинаның Франциядағы турнирде қарсыласы анықталды

Рыбакинаның Франциядағы турнирде қарсыласы анықталды

Бүгін Францияның Страсбург қаласында WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалдық матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта алғашқы жартылай финалдық жұп анықталды. Алдымен қазақстандық Елена Рыбакина поляк теннисшісі Магда Линеттті екі сетте – 7:5, 6:3 есебімен сенімді жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Жартылай финалда Қазақстанның бірінші ракеткасы бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад Майямен кездеседі. Ол үш сетке созылған тартысты матчта америкалық Эмма Наварроны 3:6, 7:6, 6:2 есебімен жеңді.

Елена мен Беатрис арасындағы матч ертең, 23 мамырға жоспарланған. Теннисшілер Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де кортқа шығуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или