«Qazsport» телеарнасының бұрынғы басшысы дүниеден өтті

«Qazsport» телеарнасының бұрынғы басшысы дүниеден өтті

Танымал журналист Диас Ахметшәріп 49 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі QazSport телеарнасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Prosports.kz порталы Диас Ахметшәріптің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или