Дженнифер Лопес Алматыда ән сала ма? Букмекерлердің ұсынысы

Соңғы күндері ел ішінде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – Дженнифер Лопестің Қазақстанға келіп, концерт қоятыны. Әншінің 1 тамызда Астанада өтетін шоуы ресми түрде расталды. Ал 10 тамызға жоспарланған Алматыдағы концерті әзірге белгісіз күйде қалып тұр.
Tennisi.kz компаниясының Qazaq Bookmaker атты эксклюзив бөлімінде осы ойынға қатысты арнайы ставка пайда болды. Матч кейінге шегеріледі деген нұсқаға 1.65 коэффициент берілген. Ал кездесу 9 немесе 10 тамыз күндері өтеді деген нұсқа – 2.10 коэффициентпен бағаланып отыр.
Мәселе – бұл күндері «Қайраттың» маңызды ойындары өтеді. 9 немесе 10 тамызда алматылықтар «Жеңіспен» ойнауы мүмкін, одан бөлек, УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу матчы да сол уақытқа тұспа-тұс келеді. Сондықтан «Қайрат» клубы стадионды концерт үшін босата алмайтынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, арена мен алаңды матчқа арнайы дайындау қажет.
Дәл осындай жағдай Астанада да туындап отыр. «Астана» клубы да стадионын пайдалана алмайды. Команданың бас бапкері Григорий Бабаян бұл турасында пікір білдіріп, ойындарды басқа жерде өткізуге тура келетінін растады.
Айта кетейік, Алматыдағы концертті ұйымдастырушылар растап отыр. Ал өтетін орын ретінде «Орталық стадион» көрсетілген.