Қазақстан хоккейшілері бірінші дивизионға оралып, Польшада өнер көрсетеді

2026 жылғы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионы (А тобы) Польшада өтеді. Бұл туралы Shaiba.kz порталы хабарлады.
Өкінішке қарай, Қазақстан ұлттық құрамасы элитадағы орнын сақтап қала алмады. Команда жеті ойында алты рет жеңіліп, топтан шыға алмады. Франция құрамасы да дәл осындай тағдырға тап болды.
Келесі жылы жоғары дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан, Франция, Польша, Украина, Жапония және Литва құрамалары таласады. Айта кетейік, Қазақстан бірінші дивизионда соңғы рет 2019 жылы ойнаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или