Ислам Махачевке төтеп бере алатын спортшы белгілі болды

Ислам Махачевке төтеп бере алатын спортшы белгілі болды


UFC ұйымының бразилиялық файтері Ренато Мойкано грузин спортшысы Илия Топурия Ислам Махачевті жеңе алатынын айтты. Бұл пікірін ол Ариэль Хельваниға берген сұхбатында білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Топурия мен Махачевтің айқасын көргім келеді. Меніңше, Илия оны жеңе алады. Волкановскиді нокаутқа түсіру өте қиын. Ал Макс Холлоуэй жеңіл салмаққа өтіп, Гейджиді ұтты. Сосын қайта оралып, Топуриядан жеңіліп қалды. Сондықтан Илия – нағыз мықты. Оның күресі мен боксы Махачевке көп қиындық тудырады. Бірақ әзірге бұл – бос әңгіме. Жақын уақытта бұл жекпе-жек болмайды», – деді Мойкано.

Айта кетейік, Илия Топурия 29 маусымда UFC-дің жеңіл салмағындағы белдік үшін бразилиялық Чарльз Оливейрамен жұдырықтасады. Ал Ислам Махачевтің келесі қарсыласы – жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Джек Делла Маддалена.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или