Азат Мақсұм Бакудегі UFC турнирінде Хоригучидің орнына шығады

30 жастағы қазақстандық файтер Азат Мақсұм 21 маусым күні Бакуде өтетін UFC турнирінде Тагир Уланбековпен жұдырықтасады. Ол бұл жекпе-жекке Bellator мен Rizin-нің бұрынғы чемпионы Киоджи Хоригучидің орнына шықпақ. Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.
Уланбеков UFC-дің аса жеңіл салмақтағы рейтингінде оныншы орында тұр. Ал Мақсұм үшін бұл – ұйым аясындағы екінші айқас болмақ. Қазір оның кәсіби рекорды — 17 жеңіс пен 1 жеңіліс. Жалғыз жеңілісін ол 2024 жылдың ақпанында Чарльз Джонсоннан ұтылған кезде тіркеген.
Ал Хоригучидің не себепті жекпе-жектен бас тартқаны әзірге белгісіз. Жапон спортшысы UFC-ге тоғыз жылдық үзілістен кейін қайта оралмақ еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или