Қазақстан жастар арасындағы Азия чемпионатында алғашқы алтын медальді жеңіп алды

Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
48 келі салмақ дәрежесінде Айым Тәңкібаева шешуші белдесуінде IBA-Индия құрамасының боксшысы Чанчал Кумаримен кездесіп, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешілер шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Азия чемпионатының жасөспірімдер арасындағы финалы 22 мамырға, ал жастар арасындағы алтын үшін жекпе-жектер 23 мамырға жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или