Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Дастан Сәдуұлы (12-2, 12 КО) шаршы алаңға қайта оралады, деп жазады Prosports.kz.

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Дастанның келесі жекпе-жегі 7 маусымда Украинаның Киев қаласында өтеді, қарсыласы жергілікті боксшы Ярослав Харцыз (6-0, 5 КО) болады. Жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған және бірінші жартылай орта салмақта өтеді

Дастан үшін бұл 2025 жылғы екінші жекпе-жек болады. Бұған дейін Ақтөбе облысының тумасы 30 наурыз күні Ақтөбеде өткен бокс кеші аясында жерлесі Нұртас Әжбеновтен (15-1, 5 КО) бірінші раундта нокаутпен ұтылып қалған. Бұл жекпе-жекке дейін Сәдуұлы 2022 жылдан бері рингке шықпаған болатын.

Ярослав Харцызға келсек, ол да 1 наурызда Киевтегі бокс кешінде жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта аргентиналық Ронан Науэль Санчесті (6-5-1, 3 КО) нокаутқа түсірген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или