«Тоттенхэм» Еуропа лигасының чемпионы атанды
Бүгін, 21 мамырдан 22 мамырға қараған түні Еуропа лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сан-Мамес» стадионында «Тоттенхэм Хотспур» мен «Манчестер Юнайтед» чемпиондық атақ үшін таласты. 42-минутта Бреннан Джонсон соққан голдың арқасында лондондық клуб үзіліске жеңіспен кеткен болатын. Екінші таймда Аморим шәкірттері қанша жерден есепті теңестіруге тырысқанымен барлық мүмкіндіктер сәтсіз аяқталды. Осылайша финалды матч 1:0 есебімен «Тоттенхэмнің» пайдасына аяқталды.
Осы жеңістің арқасында Эндж Постекоглу шәкірттері келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Лондондықтар араға 17 жыл салып ірі турнирде топ жарды. Соңғы рет 2008 жылы Англия лигасының кубогын жеңіп алған еді. Ал еурокубокта топ жармағанына 41 жыл болған екен
Еске сала кетейік, финалға дейінгі жолда «Тоттенхэм» «АЗ Алкмаарды» (екі ойынның нәтижесі бойынша - 4:2), «Айнтрахт Франкфуртты» (2:1) және Норвегияның «Буде-Глимт» клубын (5:1) жеңіп шықты.