Мадридтік «Реалдың» тағы бір ойыншысы қатардан шықты

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Эндрик оң аяғының тізе асты сіңірін зақымдап, қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бразилиялық футболшы бұл жарақатты Ла Лиганың 37-турында «Севильяға» қарсы өткен ойында (2:0) алған.
Клубтың ресми мәліметінше, Эндрик 15 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмайды. 2024 жылы «Реал» сапына қосылған жас шабуылшы осы маусымда 37 матчта алаңға шығып, 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
«Реал» клубтар арасындағы әлем чемпионатында H тобында өнер көрсетеді. Қарсыластары - Сауд Арабиясының «Әл-Хиләлі», Мексиканың «Пачукасы» және Аустрияның «Ред Булл Зальцбургы».
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или