Қазақстандық команда мини-футболдан әлем кубогына қатысады

Ертең, 22 мамырда, Әзербайжан астанасы Бакуде 6х6 форматы бойынша World Minifootball Federation (WMF) ұйымының қамқорлығымен мини-футболдан әлем кубогы басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирді Баку ұлттық гимнастика аренасы қабылдайды. Жарысқа барлық құрлықтардан келген 32 ұлттық құрама қатысады.
Мини-футбол халықаралық деңгейде бірден бірнеше ұйым аясында дамып келеді – WMF, International Socca Federation (ISF) және European Minifootball Federation (EMF). Қазақстан командалары осы ұйымдардың турнирлеріне тұрақты түрде қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп жүр.
Бұл жолы Қазақстан WMF World Cup 2025 турнирінде чемпиондық атақ үшін күреседі.
F тобы:
- Қазақстан
- Польша
- Босния және Герцеговина
- АҚШ
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
- 22 мамыр: Қазақстан – Польша
- 24 мамыр: Босния және Герцеговина – Қазақстан
- 24 мамыр: Қазақстан – АҚШ
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік екі команда 1/8 финалға жолдама алады (27–28 мамыр). Ширек финалдар 29 мамырда, жартылай финалдар 30 мамырда өтеді. Ал финал және үшінші орын үшін матч 1 маусымда өтеді. Қазақстан құрамасының барлық матчтары Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.