Қазақстан құрамасы кикбоксингтен өткен әлем кубогында 10 алтын еншіледі

Қазақстан құрамасы кикбоксингтен өткен әлем кубогында 10 алтын еншіледі

Түркияда өткен кикбоксингтен Әлем кубогында Қазақстан құрамасы керемет нәтижеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа 41 елден 2539 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 102 кикбоксшы қорғады. Қорытындысында біздің спортшылар 10 алтын, 6 күміс және 14 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте олар тек жарыс иелеріне – Түркия құрамасына жол берді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі:

Фулл-контакт:

  • Алтын: Аслан Асылбеков (60 кг), Дәулет Қадыр (63,5 кг)
  • Күміс: Ақжол Косибаев (51 кг), Фазлиддин Сафаров (+91 кг), Лаура Нышанбай (56 кг), Дінмұхамед Баймұратов (54 кг)
  • Қола: Ариза Сманова (52 кг), Данияр Жарасов (57 кг), Тимур Ганза (81 кг), Арыс Тарғынов (60 кг)

Лоу-кик:

  • Алтын: Жәнібек Бұршақбаев (51 кг), Әлихан Оздоев (67 кг), Исмайл Люшанло (63,5 кг)
  • Күміс: Шара Хамзина (65 кг)
  • Қола: Айдын Тұрдыбеков, Сарвар Сулайманов, Дулат Дүйсенов (60 кг), Айбат Нұрланұлы (63,5 кг), Гаухар Сайлаубек (48 кг), Ілияс Бадлов (+91 кг), Заир Нұғманов (+91 кг)

К-1:

  • Алтын: Нұрсұлтан Жұмабаев (51 кг), Арсен Сойырқас (57 кг), Абай Ерғалиев (60 кг), Ернұр Қайырбеков (63,5 кг), Шыңғыс Искаков (86 кг)
  • Күміс: Нұрсұлтан Қалшора (57 кг)
  • Қола: Нұрлан Әскеров (81 кг)

Айта кетейік, бұл жетістік Қазақстан кикбоксингінің әлемдік аренада сенімді түрде өркендеп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или