Кирилл Герасименко әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады – ол фаворитке есе жіберді

Қазақстандық теннисшісі Кирилл Герасименко үстел теннисінен Дохада өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының үшінші айналымында жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол әлемдік рейтинг көшбасшыларының бірі саналатын бразилиялық Уго Кальдераноге есе жіберді.
Матч 2:4 (11:9, 11:9, 5:11, 10:12, 9:11, 7:11) есебімен бразилиялық спортшының пайдасына. Қазіргі таңда Кальдерано WTT рейтингінде 3-орында тұр, ал Герасименко 62-сатыда орналасқан.
Жеңіліске қарамастан, Герасименко Қазақстанның үздік теннисшілерінің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ол — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ел чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы, сондай-ақ үш Олимпиада — Рио, Токио және Париж ойындарына қатысқан.
Әлем чемпионаты 25 мамырға дейін жалғасады.