«Ұшып кетпейді». NHL экс-хоккейшісі Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы сәтсіздігі туралы

«Ұшып кетпейді». NHL экс-хоккейшісі Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы сәтсіздігі туралы

Қазақстан ұлттық құрамасы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионатында B тобында соңғы орынды алып, элиталық дивизионмен қоштасты. Бұл кейбір сарапшылар мен жанкүйерлер үшін күтпеген жағдай болды.

Ұлттық хоккей лигасы (NHL) клубтарында өнер көрсеткен, сондай-ақ қарағандылық «Сарыарқа» клубын жаттықтырған латвиялық танымал қақпашы Петерис Скудра Prosports.kz сайтына Қазақстан құрамасының сәтсіз өнері туралы пікір білдірді:

– Мен де, ең болмағанда, элиталық дивизионнан ұшып кетпейді деп ойладым. Не дұрыс болмады? Бұл – өте орынды сұрақ. Дәл жауап беру үшін құрамаға жақын болу керек.

Команда шабуылда әлсіз ойнағанына таңғалдым. Құрамада шабуылда сәтті ойнай алатын, оның ішінде ҚХЛ-де өнер көрсететін жақсы деңгейдегі ойыншылар бар деп ойлаймын. Бірақ шабуылда жарқырап ойнай алмауы түсініксіз болды. Команданың физикалық жағдайы да жақсы болмағаны байқалды: жігіттер ауыр қимылдап, бұл ойын барысында – соңғы пас пен соққыда сезіліп тұрды. Менің ойымша, бәрі құрамадан нәтижелі ойын күтті.

Қазір бәрі хоккей ойнауды үйреніп алған, дегенмен жалпы осы әлем чемпионатын бағалайтын болсақ, көп құрамалар сылбыр көрінді. Мен мүлде басқа нәтиже күткен едім.

Қазақстанда жұмыс істедім, әлі де көптеген адамдармен байланыстамын, жағдайды бақылап отырамын. Бұл – әрине, теріс нәтиже. Неліктен бұлай болғанын айту қиын, бірақ мені шабуыл шебі қатты таңғалдырды: жылдам шабуылшылар бола тұра, команда шабуылды ұйымдастыра алмады, – деді Скудра.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или