ҚФФ ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының құрылымында кешенді өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді

ҚФФ ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының құрылымында кешенді өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының құрылымында кешенді өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Даму мен жаңғырудың жаңа кезеңіне көшу аясында келесі мамандар тағайындалды:

  • Геннадий Скуртул – ҚФФ техникалық директоры;
  • Руслан Балтиев – ҚФФ ұлттық құрамалар департаментінің директоры;
  • Әли Әлиев – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері;
  • Денис Мамонов – Қазақстан жастар құрамасының (U-21) аға бапкері;
  • Кирилл Кекер – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
  • Бауыржан Сағындық – Қазақстан жасөспірімдер құрамасының (U-17) аға бапкері;
  • Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері;
  • Жанна Мальгаждарова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-19) аға бапкері;
  • Юлия Мамонова – Қазақстан әйелдер құрамасының (U-17) аға бапкері.

Бұл кадрлық тағайындаулар Федерацияның техникалық секторын жүйелі түрде жаңғырту бағытына сәйкес келеді. Аталған өзгерістер стратегиялық жоспарлау мен әдістемелік жұмыстан бастап, аймақтық бағдарламаларды дамытуға, бапкерлер дайындауға және құрамалар жұмысын үйлестіруге дейінгі ауқымды қамтиды.

2026 жылдың басында Қазақстан футболының техникалық дамуына арналған жаңа стратегия таныстырылады. Бұл құжат ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және жастар футболын қамтып, негізгі даму бағыттарын, заманауи ойыншы мен бапкер дайындау қағидаттарын және қысқа-орта мерзімді мақсаттарды белгілейді.

Қазақстан футболы құрамалар арасындағы өзара байланысты күшейтуге, дайындық жүйесінің бірізді құрылымын қалыптастыруға және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған жүйелі жаңару кезеңіне қадам басып отыр.

Барлық өзгерістер ашықтық, кәсібилік және ұзақ мерзімді нәтижеге бағытталу қағидаларына негізделіп жүзеге асырылуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или